Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндер

Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндер
Фото: youtube.com

Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің дүниеге келген күні. 

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Темірхан Медетбек: «Тұманбай Молдағалиев – қазақ лирикасының королі. Оның лирикасында құс қанатының сусылы, желдің уілі, судың сылдыры, жапырақтардың сыбдыры естіліп тұрады. Ол – дүниедегі тебіреністер мен тербелістердің ақыны» - деп айтып кеткендей, Тұмаш аға қазақ поэзиясында өшпес мұра қалдырған қаламгерлердің бірі.

«Тұманбай Молдағалиевтың талантын досы да, дұшпаны да әлдеқашан мойындаған, қазақ әдебиетінің классигі. Тұмаш өлең­дерінің ішкі музыкасы басқаша болғандықтан ба, бұған дейін бес жүзден астам өлеңіне ән жазылды. Қазақ ақындарында ондай көлемде әнге айналған поэзия бар ма, жоқ па, оны білмедім. Осы жа­ғынан келгенде Тұмаштың поэзиясы өзгеше, өміршең» - дейді марқұм Тұрсынбек Кәкішев. Назарларыңызға ақынның сөзіне жазылған бір топ әндерді ұсынамыз.

МузАрт тобы. Қайран менің жүрегім

КешYou. Құстар қайтып барады

"Жігіттер" - Жан досым

Медеу Арынбаев - Бақыт құшағында

Айгүл Қосанова, Ақылбек Жеменей - Қаздар қайтқанда

Батырхан Шүкенов - Отан Ана

Дос-Мұқасан - Куә бол

Роза Рымбаева - Шақырады көктем

"Сүнекеш" тобы - Алматы түні

О. Сансызбай