Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тұманбай ата - лирик ақын, сыршыл сазгер

Тұманбай ата - лирик ақын, сыршыл сазгер

Тұманбай ата - лирик ақын, сыршыл сазгер

Қалың қазағы «Тұмаш аға» деп еркелеткен ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өлеңмен өрнектеген жан. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым» деген еді. Расында да, ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ақын ата өлең жазуды тоқтатпаған.

Лирикалық өлеңдермен қатар, ол балалар әдебиетін назардан тыс қалдырған жоқ. Көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі атанған Тұмаш ата қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған еді. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті.

Ол алғаш рет Шәмші Қалдаяқовтың «Қыз сағынышы» атты әніне мәтін жазған болатын. Бірде Шәмші Қалдаяқов Тұманбай Молдағалиевке қыз баланың атынан өлең жазып беруін өтінеді. Ақын «Қыздың атынан қалайша өлең жазуға болады» деп біраз қиналғанымен, көп уақыт өтпей, ән сөзін жазып береді. Кейін ол әннің Асанәлі Әшімов ауылына кеткенде сағынып жүрген жұбайы Майра атынан шығарылған ән екені белгілі болады.

Күндердің күнінде «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында қызмет ететін ақынға Шәмші Қалдаяқов арнайы келіп: «Өзіңді тосып жүрмін. Дүниеге бір ән келді. Оның сөздерін тек қана сен жазуың керек. Бұл ән би алаңында айтылатын ән болады» деп айтады. Аға өтінішін аяқ асты қылмас үшін ақын бірден қолына қалам алып, өлең жазуға кіріседі. Дайын мәтінді сазгерге көрсеткенде ол: «Басқа біреуге беріп қоясың» деп сөз жазылған қағазды дереу қалтасына салып алып кетеді. Бірер күн өткен соң Тұманбайды дайын әнді тыңдауға шақырады. Ақын алғашқылардың бірі болып Ришат Абдуллиннің орындауындағы «Бақыт құшағында» әнін тыңдайды.

Бірде ақын ата Нұрғиса Тілендиевтің қалын сұрап, үйіне барады. Сазгердің ауырып отырғанын көрген ақын: «Қай жерің ауырады?» деп сұрап, «Жүрегім» деген жауап алады. Сол сәтте ақын:

Қайран менің жүрегім, жас жүрегім,

Көктем едің бір кезде, тасқын едің.

Жастық дәурен, жалтақтап қарайлайсың,

Сені ойласам, ұйқым да қашты менің, - деп өлең жазып кетеді. "Қайран менің жүрегім" әні осы кездесуде дүниеге келген екен.

Сазгердің «Құстар қайтып барады» әнінің де сөзін Тұманбай Молдағалиев жазған. Бірде ақынға Нұрғиса Тілендиев «Сенің өлеңдеріңе алда талай ән жазамын. Бірақ та, дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені ақтық сапарға осы әнді айтып, шығарып салыңдар,» - деп аманат етіпті.

Сейдолла Бәйтерековтың «Жан досым» әні шамамен 1981 жылы дүниеге келген. Сазгер бала күнін еске алып, интернатта бірге өскен дос-бауырларын сағынып, ән жазады. Кейін ақын ағасына келіп: «Тұманбай аға, мынау дос туралы ән болсын» деп дайын әуенді тыңдатады. Ақынның бірге өсіп, жақын туыс болып кеткен Едіге Сапаев деген досына арналып жазылған өлеңі бар болатын. Бұл өлең мен әуен бір үйлесім тауып, дүниеге «Дос туралы жыр» атты ән келеді. Кейін оның атауы «Жан досым» болып кетеді.

Тұманбай ақын Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», Н. Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім», «Куә бол», «Құстар қайтып барады», Әсет Бейсеуовтың «Шақырады көктем», Сейдолла Бәйтерековтың «Жан досым», Бөкен Жамақаевтың «Ертіс вальсі», Қуат Шілдебаевтың «Отан-Ана» т.с.с. әндердің сөзін жазған. Болмысынан мейірімді, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін ақын ата алдына келген сазгер іні-қарындастарының өтінішін аяқ асты етпей, өлең жазып беретін. Оның өлеңдерінен талай жас сазгерлер шабыт тауып, жаңа әндерді дүниеге әкелген. Соның бірі ақынның көзі тірісінде жазылған соңғы ән – «Көңіл сыры». Бұл әннің әуенін Қорлан Картенбаева жазып, қазіргі таңда жетіген аспабында ел алдында орындап жүр.

«Бірде Тұман Молдағалиевтің өлеңдер жинағын ақтарып отырғанда, көзім «Жазғы таңның нұрынан» деп басталатын өлеңге түсті. Бірнеше мәрте оқып шығып, өлеңді ұнатып қалдым. Жетігенге салып айтып едім, өлең мен әуен арасында бір үндестік табылғандай көрінді. Кейін Тұманбай атамның жұмысына барып, өлеңін ән қылып жазуға рұқсат алдым. Ол кісі әнге лайықты қылып өлеңнің кейбір тұстарын түзетіп, ақыл-кеңестерін беріп жатты. «Көңіл сыры» деп аталатын әнім атаның көңілінен шығып, маған батасын берген болатын. Қоштасарда: «Алдағы күндері кел, әндеріңе өлең жазып беремін» деген еді. Бұл 2011 жылдың мамыр айы болатын. Өкінішке орай, араға көп уақыт салмастан, Тұманбай ата дүниеден өтті,» - дейді жетігенші Қорлан Картенбаева.

Өткен жылдың күз мезгілінде қазақтың қара өлеңі қара жамылды. Қалың қазақ сүйікті ақынын қайтпас сапарға шығарып салды. Ол халқына қара өлеңдері мен әсем әндерді қалдырды. Бүкіл ғұмырын өлең жазумен өткізген ақын атамыздың еселі еңбектері ел жадында мәңгілік сақталып, келешекте талай-талай әндер дүниеге келеді деп сенейік.

Суреттер: kazpravda.kz, azzatyq.org

9626 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 25 сәуір 2012, 13:45
Пікірлер
+0
26 сәуір 2012, 14:06

Ақын атаның өлеңдеріне шығарылған кез келген ән сәтті шыққан деуге болады. Астарында үлкен ой, мәні терең өлеңдер қазір жоқтың қасы. Тіпті, тапсырыс бойынша жазылмаған әннің өзі керемет шыққан. Алғаш рет "Көңіл сыры" әнін Қорлан Картенбаеваның концертінде автордың орындауында естідім. Маған бірден ұнады. Кейін Қорланға қолқа салып, өзіме жүктеп алдым. Әлі күнге дейін үнемі тыңдаймын. Сондай жақсы әндер көп болса ғой. Ал Тұмаш атадай ақын қайта туа ма, белгісіз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...