"Хочу к Меладзе" шоуының жеңімпаздары жаңа бейнебаян түсірді

"Хочу к Меладзе" шоуының жеңімпаздары жаңа бейнебаян түсірді

Продюссер әрі композитор Константин Меладзенің жаңа тобы "M-Band" бірнеше апта бұрын "Она вернется" әнін шығарып, оған бейнебаян түсірді. Бейнебаянда топ солистері Анатолий Цой, Владислав Рамм, Артем Пиндюра және Никита Киоссе табиғаттану мұражайында экспонат ретінде жүреді. Олар келуші қызды қорқытып, әрі қарай сонымен бірге қыдырады.

Айта кетейік, "Хочу к Меладзе" сериалити шоуына Анатолий Цоймен бірге біздің елдің атынан Әлібек Әлмәдиев пен Фариз Мамедов қатысты. Алдағы аптаның сейсенбі күнінде дарынды әнші Әлібек Әлмәдиевпен болған сұхбатты Массагет порталынан көре аласыздар.

Сурет: irecommend.ru

Ж. Исакаев