"Қалауымыз – Меладзе" шоуының қатысушысы Анатолий Цой Алматыға келді

"Қалауымыз – Меладзе" шоуының қатысушысы Анатолий Цой Алматыға келді

"Менің қалауым – Меладзе" шоуының қатысушысы Анатолий Цой бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті. Ол "Менің қалауым – Меладзе" шоуының төрт кезеңінен өткен еді. Ресейде өтіп жатқан аталған шоу Константин Меладзенің (Константин Меладзе - атақты продюсер, сазгер) басқаруымен жаңа жігіттер тобына қатысушы іздейтін музыкалық реалити шоу екенін айта кетейік. 

Баспасөз мәслихатында Анатолий Цой журналистер сұрақтарына жауап беріп, "бұл – өзінің алғашқы баспасөз мәслихаты екенін" атап өтті. 

Мыңдаған арудың арманына айналып үлгерген әншіге қойылған сұрақтың басы: "Қызың бар ма?" дегеннен басталды. Анатолий бұл сұраққа қысқа ғана: "Бар" деп жауап берді. 

Әрі қарай журналистерге қолтаңба беріп, өзін бірнеше сағат бойы тағатсыздана күтіп тұрған жанкүйерлерге беттеді. 

Жанкүйерлер Анатолийдің атын атап шақырып, Алматы қаласындағы "Есентай" Mall-ды жаңғыртып жібергендей болды. 

Ебін тапқан жанкүйерлер суретке түсіп үлгеріп жатты. 

Цой жанкүйерлер алдына нағыз жігіттерше гүлмен келді. 

Әлеуметтік желісі арқылы жеңімпаз атанған арулардың есімін атап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. 

Анатолийдің қолтаңбасын алып, әншімен бірге суретке түскен жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. 

Әншінің қолынан гүл алу бақыты бұйырған арулар үшін бұл күн ұзақ уақыт есте сақталары анық.

Цойды өмірге әкелген анасы болса, ұлының үлкен жұлдызға айналу сәтін бақылап отыр...

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

Арнайы Massaget.kz үшін