- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Мектептің мақсаты –...
Мектептің мақсаты – маман дайындау емес
Білім үйрену, ғылым игеру ежелден жоғары бағаланған. Білім күніне орай жаңа оқу жылына зор зейін тілей отырып, оқу, мектеп, білім, тәрбие жайында қанатты сөздер ұсынамыз.
Мектептің мақсаты – тәрбие, тек тәрбие. (Иоганн Песталоцци)
Ұстаз не пісірсе, шәкірт сонымен қоректенеді. (Карл Краус)
Мектептің мақсаты – маман дайындау емес, адамгершілігі жоғары тұлға қалыптастыру. (Альберт Эйнштейн)
Білмегенің үшін қорықпа, білуге талпынбағаның үшін қорық. (Қытай афоризмі)
Бір кездері мектеп бізге өмірдің шаршысын сызатын шеңбер үйретеді деп ойлаппыз. (Валентин Домиль)
Ертең өмірден өтетін кісіше ғұмыр кеш, мәңгілік өмір сүретін кісіше ілім жи. (Махатма Ганди)
Оқыған адамның оқымаған адамнан айырмашылығы – бар біліміне қанағаттанбауы. (К.Симонов)
Адам өзі ойлағаннан да көп нәрсе біледі. (А.Адлер)
Мектеп – жұмыр тасты қашап, алмасты бұзатын орын. (Роберт Ингерсолл)
Білімсіз адам өзінің түк білмейтінін және қолынан ештеңе келмейтінін мойындағысы келмейді. (Офмиллер)
Ең бақытты шақ мектеп дәлізімен жүгіріп өтеді. (Тагуи Семирджян)
Оқығаныңның саны маңызды емес, оны түсініп, өмірде кәдеге жарата алғаның маңызды. (Г.Гегель)
Ақымақты данышпанға айналдыру – қорғасынды алтынға айналдырғандай қиын. (Г.Лихтенберг)
Ойсыз оқу – пайдасыз, оқусыз ой – қауіпті. (Конфуций)
@. @assel_assanova