Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Пультті ойлап тапқан кім?

Пультті ойлап тапқан кім?

Пультті ойлап тапқан кім?

Теледидар алдына жайғасып алып, қалаған бағдарламаны көргенге не жетсін? Жайлы орнымыздан жылжымай, арналарды ауыстыруға мүмкіндік беретін пультті кім ойлап тапқанын әлбетте, білгіңіз келетін болар. Олай болса, кеттік...

Күллі адамзат пультті ойлап тауып, оны қолданысқа енгізгені үшін үлкен алғысты Роберт Адлер мен Юджин Макдональдқа айтуы керек. Екеуінің қажырлы еңбегінің арқасында біз "Әй, анау төртінші арнаға қойшы" деп үй кенжесінің мазасын алмаймыз.

Юджин Макдональд 1923 жылы Zenith Radio Corporation компаниясының негізін қалап, сол жерде 45 жыл бойы адал еңбек еткен. Оның басқарып отырған компаниясы алғаш рет АМ- және FM жиілік диапазондарында жұмыс істеген радио таратқыштарын эфирге шығарған болатын. Бірақ, Юджинге бұл аз көрініп, ол өзінің зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастырып, елеулі жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда, Макдональдтың басқарып жүрген компаниясы өткен ғасырдың 30-жылдарында алғашқы телевизиялық қабылдағышты ойлап тапқан. Ал 1948 жылы Макдональдтың басқаруымен әлемдегі ең алғашқы ақ-қара түсті теледидар пайда болған.

Юджин Макдональд адам баласын телевизиялық жарнамалардың шексіз санынан құтқарсам деп армандайтын. Бірақ, сымды телевизияның дамығаны соншалықты, жарнамалармен күресудің өзі бір қорлыққа айналған. Сонда, Макдональд орнынан тұрмайтындай етіп, арналарды ауыстыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдың жобалауын бастайды. Бірінші дүниежүзілік соғысты капитан шенінде жеңген Юджин әскерде жүргенде болашақ жобасына ұқсас құрылғыларды жиі көретін. Көп ұзамай өзінің барлық білімін осы құралдың пайда болуына сарп етті.

1950 жылы Zenith компаниясының белді инженерлері "Жалқау" атты алғашқы алыстан басқару пультін ойлап тапқан еді. Бұл техникалық дағдарыстың үлкен қадамы болатын. Бірақ "Жалқау" теледидарға сымның көмегімен жалғанды. Бұл жайт өнертапқыштар мен көптеген адамдардың наразылығын тудыратын. 1955 жылы осы оқылықтың орнын Zenith инженері Юджин Полнидің құралы толтырды. Бірақ Полнидің де өнертабысы қолданысқа ыңғайсыз болып шықты. Арналар теледидарға бағытталған сәуле көзі мен пульттің үстінде орналасқан дөңгелек дисктің көмегімен алмастырылатын. Ал теледидардың әр бұрышында ауыстырып-қосқыштың функциясын атқарған фотоэлемент орналасатын.

Макдональдқа бұл да аз көрінді. Ол қоластындағы барлық инженерлерді жинап алып, жаңа заманауи талаптарды толықтай қанағаттандыратын алыстан басқару пультін құрастыруға қаулы берген. Жаңа зерттеулер мен құралдар құрастыру басқармасын Роберт Адлер басқаратын. Zenith компаниясында өзінің жұмыс мансабын 1941 жылы бастаған инженер жаңа құралдың негізі ретінде радиотолқындарды қолдануды ұсынды. Толқындар қалың қабырғалардан өтіп, көршілес тұрған теледидарды да басқара алатын. 1980 жылдары техно өнеркәсібі толығымен инфрақызыл сәулелі пульттерді құрастыруға көшіп, жаңа заманауи үлгілердің құрылысы бір сәтке де тоқтамады.

1997 жылы Адлердің ойлап тапқан құрылғысы Американдық академияның Emmy жүлдесіне ие болған. Қазіргі таңда барлық теледидарлар мен түрлі техникалық құрылғылар алыстан басқару пультімен жабдықталады. Ал бірнеше онжылдық бұрын бұл туралы тек армандауға болатын.

Роберт Адлердің жарының айтуынша, пульт өнертапқыштың сүйікті құрылғысы болмады. "Ол теледидарды өте сирек көретін. Көбіне кітап оқуды ұнататын".

Роберт Адлер 180 өнертабыстың авторы.

Роберт Адлер

Сурет: forum.ixbt.com, computerra.ru

4267 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 сәуір 2012, 14:05
Пікірлер
+0
10 сәуір 2012, 14:12

Рахмет сендерге!

+0
10 сәуір 2012, 14:20

білмейді екенбіз :shock:

+0
10 сәуір 2012, 15:46

енді білетін боласың

+0
10 сәуір 2012, 15:57

Алғашқы пультті ҚАЗАҚ ойлап тапқан деп естігенмін! Сосын оны жапондықтар ұрлап алған деседі! Теледидардан көрсеткен бұны!

+0
10 сәуір 2012, 18:33

қо мүмкін емес

+0
10 сәуір 2012, 20:14

Қазақтың пульті - қарындастар мен бауырлар ғо) Е бар ананы ауыстырш десен болд.

+0
11 сәуір 2012, 17:30

"Әй, анау төртінші арнаға қойшы" деп үй кенжесінің мазасын алмаймыз. :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
15 сәуір 2012, 01:42

Алғашқы пультті қазақтар ойлап тапқан! КСРО кезінде білесіздер қазақ ғалымдарын қоғамнан тықсыру жайлары кездесті және де сол жобасы дайын болғанымен оны зат қылып іске асыру үшін қыруар қаржы керек болды. Бірақ қазақ ғалымдарында болмады! Сондықтан пульттің жобасын жапондықтарға 2000 долларға(ол кезде әжептеуір ақша тұғын) сатып жіберді! :evil:

+0
19 сәуір 2012, 03:06

дереккөз бар ма?

+0
19 сәуір 2012, 23:37

Ғаламтор бойынша дерек көзі жоқ, мен бұны бұрын бір қазақ газетінен оқығам

+0
23 мамыр 2012, 12:16

кеше қайтыс болған екен Юджин Полли. иманды болсын!

+0
23 мамыр 2012, 12:26

иә, жатқан жері жайлы болсын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...