Ақыл-парасат туралы әлем елдері не дейді?

Ақыл-парасат туралы әлем елдері не дейді?
Фото: www.liveinternet.ru

Қазақ халқы мақал-мәтелге кенде емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен жеткізе біледі. Ал өзге халықтардың біздің мақалдарымызға ұқсас және біз білмейтін қандай ойлары бар екен? Назарларыңызға әлем елдерінің ақыл-парасат туралы мақал-мәтелдерін ұсынамыз.

Теректей бойдан
Тебендей ой артық. (қырғыз)

Жақсы ақыл бергенімен,
Жақсы атын бермейді. (түрік)

Ақылды қателессе, өз басынан көреді,
Ақылсыз қателессе, жолдасынан көреді. (қырғыз)

Алтыныңа сенбе, Ақылыңа сен. (ұйғыр)

Оқығаныңды айтпа, Тоқығаныңды айт. (түрікмен)

Ақылды сәнді киім киіп шығар,
Ақымақ лыпасын тек іліп шығар. (шумер)

Ақылды ақырындап сөйлер. (әзірбайжан)

Қазынаны тереңнен табарсың,
Білімді кітаптан аларсың. (тува)

Иесінің ессіздігін иті де ұнатпас. (мордва)

Күші асқанмен тартыспа,
Ақылы асқанмен айтыспа. (мордва)

Адамның ақылы қысқарса,
Аузындағы сөзі ұзара береді. (осетин)

Дүмшенің елемесе де мың қатесін,
Ғалымның кешірмейді ел бір қатесін. (араб)

Оқығанның көзі төртеу. (гагауз)

Жастықтың ашатын жаңалығы көп,
Қарттықтың зерттейтін даналығы көп. (һинди)

Ақылды үйренуге құмар, ақымақ үйретуге құмар. (орыс)

Жан досты қалай іздесең, жазушыны да солай талға. (ағылшын)

«Әлем халықтарының мақал-мәтелдері» кітабынан

Ұқсас жазбалар:

Жүректің біз білмейтін өз ақылы бар

Жаман қыздың жеңгетайы – шешесі

@. @assel_assanova