Тай еліндегі мектеп оқушылары тым ерекше

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші, әлемдегі көптеген мектептің ұстанатын өз қағидалары бар. Оған мына бейнекөрініс дәлел. Тай елінде мектепке келген балалар ең бірінші бір-бірімен амандасып, одан кейін құшақтасады. Бұл үрдіс оқушылардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын және ешқандай өкпесі жоқ екенін білдіреді. Видеороликті көру арқылы қазіргі жас оқушылардың болашақта бір-біріне демеу болатынын байқауға болады.