Аустралияның білім беру жүйесі қандай?

Аустралияның білім беру жүйесі қандай?

Бүгінгі таңда Аустралияда 10 мың мектеп, 300 мемлекеттік колледж және 40 университет бар. Мектептердің 71% мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік мекемелер.

Жекеменшік мектептерде білім сапасы өте жоғары болғандықтан, бағасы да қымбат. Осының салдарынын тек бай балалары ғана оқи алады. Мемлекеттік мектеп оқушылары аустралиялық отбасының үйінде тұруға мәжбүр болса, жекеменшік мектептердің арнайы жатақханасы болады.

Ұлыбританиядағыдай қыздар мен ұлдар араласып және бөлек отырып оқитын мектептер бар.

Шетелден келіп оқитын оқушылар өте аз болады. Шамамен 15 мың ғана.

Оқу жылы қаңтардың соңында басталып, желтоқсанның аяғында бітеді. 12 аптадан тұратын тоқсандықтарға бөлінеді.

Мектептің орналасқан штатына байланысты білім жүйесінде ерекшеліктер болады. Оңтүстік Жаңа Уэльс, Виктория, Тасмания сынды аймақтарда орта мектепте 7-10 сыныптар болса, Батыс, Оңтүстік Аустралия, Квинслендте 8-10 сыныптар бар. 10 сыныптан кейін жоғарғы сынып оқушылары болып саналады. Орташа есеппен аустралиялық балалар мектепке 6 жасынан бастап барады. 12 жасқа дейін бірінші, 16 жасқа дейін екінші, 18 жасқа дейін үшінші орта білімнің баспалдағын аттайды. Осылайша 12 жыл оқиды. Ресей аттестатының мойындалмайтын себебі де осы.  

Ағылшын тілі, математика, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, шетел тілі, спорт негізгі пән болып саналады. Мұнымен қатар, жоғарғы сыныпта таңдаған мамандықтарына қатысты қосымша пәндер оқиды. Мектептер оқушының тұлға болып қалыптасуына, спортпен айналысуына көп көңіл бөледі. Шетел тілдерін оқытуға баса назар аударады.  

Жалғасы бар... 

Сурет: academconsult.ru 

Қ. Бүйенбай