Ең ақылды оқушылар қай мемлекетте өмір сүреді? #2

Ең ақылды оқушылар қай мемлекетте өмір сүреді? #2

Басы

Оқушы қыздардың ұлдарға қарағанда нәтижелері жоғары. Дания, Финляндия, Исландия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Испания және Бразилия сынды мемлекеттердің ұлдарға қарағанда жоғарғы білім алып үлгерген қыздары көп. Олардың арасында 10% айырмашылық бар. Түркия мемлекетінде – 8%, ал Корея мен Швейцарияда айырмашылық 1%-ды құрайды. 

Англия және Аустралия мемлекеттерінің оқу жылы өте ұзақ. Азаматтары мектепке дейінгі дайындықты қосқанда шамамен 21,3 жыл оқиды. Швецияда – 21, Финляндияда – 20, Израилде – 15,9 жыл. Словакия, Ресей, Чили, Люксембург, Мексика және Түркия сынды мемлекеттерде бұл көрсеткіш 12,2 жылға тең.

Мексика және АҚШ оқушылары бір жылда 1 000 сағатқа дейін оқиды. Жапонияда бұл көрсеткіш 534 сағатты құрайды. Мұнымен қатар, сабақ оқу уақыттарында да айырмашылықтар бар. Исландияда оқу жылы 36 апта болса, Данияда 42 аптаға дейін барады.

Әр мемлекеттің ұстаздарының жалақысында да айырмашылық бар. Польшаның 15 жылдық өтілі бар мұғалімі шамамен 10 мың доллар алса, Люксембург ұстазы 84 мың доллар алады. Ал Аустралияда 45 мың доллар, Швецияда 31 мың доллар.

Аустрия, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Швейцария және АҚШ мемлекеттерінде бастауыш пен орта білім беру барысында әр оқушыға 100 мың доллардан артық ақша бөледі екен. ЭЫДҰ  мемлекеттері бойынша орташа көрсеткіш 77 мың долларды құрайды. Ал Мексика, Польша, Словакия, Түркия, Бразилия, Чили және Ресей мемлекеттері 40 мың доллардан аз ақша жұмсайды.

Егер жалақы мен білім сапасының байланысын анықтайтын болсақ, бәрінен де Финляндия, Бельгия, Германия және Швейцария сынды мемлекеттердің жалақысына жоғарғы білім әсер етпейді десек те болады. Ал АҚШ-да орта білімді азаматтар жоғары білімді азаматтар жалақысының 65%-ын ғана алады.

Данияда жағдай өте қиын. Өзге мемлекеттерде жалақы мен білім бір-біріне 20% тәуелді болады. Осы уақытта жоғары білімді американдықтың орта білімді әріптесіне қарағанда жалақысы 72%-ға жоғары болады.

Мұнымен қатар, кей мемлекетте орта білімді азаматтардың жұмысты оңай табатынын да айта кетуіміз керек. Мектепте ғана білім алған исландықтардың 80%-ы жұмысқа ешбір қиындықсыз орналасады. Польша мен Венгрияда бұл көрсеткіш 38%-ға жеткен.

Ал Қазақстанда сапалы білім мен жоғары жалақы арасында байланыс бар ма? Осыған қатысты сіздің пікіріңіз қандай?

Сурет: Досжан Балабекұлы

Оқи отырыңыз:

Мектепке бармасақ не болады?

Сыныпта староста болған дұрыс па?

Мұғалім, қызыма сеніңіз!

Сыныптастардың арасында құрметке ие болудың 6 тәсілі

Қ. Бүйенбай