Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Сынып старостасы болған дұрыс па?

Сынып старостасы болған дұрыс па?

Сынып старостасы болған дұрыс па?

Болсам ба, болмасам ба? Бұл – мәңгілік сұрақ. Өмірде кім болатындығын әркім өзі ғана шешеді. Осы секілді сынып старостасы болған дұрыс па, әлде қарапайым оқушылардың қатарында жүре берген жөн бе? «Сынып старостасы деген кім? Оның қызметі қандай? Бойында қандай қасиеттері болу керек? Және ең бастысы староста болудың пайдасы бар ма?» сынды сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

1. Ол кім?

Старостаны сынып оқушылары мен ұстаз біріге отырып таңдайды. Ол - сабағын жақсы оқитын оқушы. Ең бастысы барлық мұғаліммен жақсы қарым-қатынастағы, ешкіммен ұрыспайтын, шешімді жылдам қабылдайтын болғаны жөн.

2. Қызметі қандай?

Ол кез келген тапсырма мен мәселені ең қысқа мерзімде шешіп білуі тиіс. Мұнымен қатар әрбір қойылған сұраққа жауабы да дайын тұрады. Ұйымдастыру қабілеті жоғары болады. Сыныптың ішінде кімге сенім артуға болатындығын да жақсы біледі.

3. Не үшін керек?

Жоғарыда айтқанымыздай, сыныптастар арасында болатын мерекелік кештерді, жиындарды, жарыстарды ұйымдастырады. Кабинеттің кілтін алу, мұғалімдерден баға сұрау, меңгерушілермен жақсы қарым-қатынас жасау дегенде алдына жан салмайды. Әдетте сыныпқа кім келмегенін, не үшін келмегенін, күнделіктерінің толуын, онда ата-анасының қолы болуын қадағалайды. 

4. Қаржы мәселесін реттейді

Яғни қор ақшасын жинайды. Уақыт қызықты өту үшін киноға бару, көкке шығу секілді шараларды ұйымдастырады.

5. Қандай қасиеттері бар?

1) Басқалар білмейтін сұрақтарға жауабы дайын;

2) Оған тәулігіне 24 сағат хабарласа беруге болады;

3) Кез келген кикілжіңді түзетеді;

4) Күйзеліске төтеп бере алады;

5) Мұғалімдердің сөзін оқушыларға жеткізіп отырады. Яғни арасында байланыс орнатады;

6. Ал мұның барлығын не үшін жасайды?

1) Жаңа дүниелерді білуге құмар болғандықтан;

2) Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін;

3) Сыныптың татулығын қамтамасыз етеді;

4) Өзіне қызық болғандықтан.

7. Қорытынды ретінде

Әрине болу, болмау мәселесін тек өзіңіз ғана шешесіз. Алайда Абай атамыз айтқандай, болмасақ та, ұқсап бағудың пайдасы зор. Тек бас пайдасын ғана ойламай, сыныбы үшін жүгіретін жан болашақта өз елін алға жетелейтіні анық.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 10 сәуір 2014, 19:24
Пікірлер
+0
10 сәуір 2014, 19:09

Сыныпта староста болдым. Мұғалімдер бөлмесіне журнал алып кел деп жиі жіберетін. Есімде қалғаны сол )))

+0
10 сәуір 2014, 19:40

Жауапкершілікті сезінудің ең керемет кезі осы.............

+0
11 сәуір 2014, 23:36

маған ұнамайды

+0
12 сәуір 2014, 18:26

Универде болған пайдалырақ )))

+0
12 сәуір 2014, 22:22

Маған мектепте де, университетте де староста болу бақыты бұйырды. Одан жаман болғам жоқ. Меніңше, староста болу жауапты әрі қызықты жұмыс. Көбі старостаны алып кел, шауып келдің адамы деп ойлайды. Ол олай емес. Староста деген керек адам негізі)))

+0
13 сәуір 2014, 22:30

староста болу жақсы ғой... бірақ та университетте староста болсаң тобыңдағы қыздардың 70 пайызы сені жақтырмайтын болатын сияқты...

+0
15 сәуір 2014, 20:02

староста болу - жауапкершиликти тозимди кажет етеди

+0
23 қазан 2014, 23:54

аха,барлығындақыздар староста,албізде ұлбала староста!!!!!!

+0
22 қазан 2015, 10:27

әйтеуір журнал тасп жүргенім есімде қалы.......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.