Атасы мен келінінің айтысы

Атасы мен келінінің айтысы
Фото: Жалағаш жаршысы

Ертеде алты ағайынды жігіт болыпты. Солардың алтауы да үйленбеген екен. Күндердің күнінде ең кішісі ғана үйленіпті. Келін түскен соң кешікпей әлгі үйдің жалғыз түйесі өліп қалыпты. Түйенің өліміне қатты қиналған атасы: «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан – құтсыз келін болды» деп, қайта-қайта тіл тигізе берген соң, келіні атасына былай деп жауа қайтарыпты:

− Мен өзі елде жүргенде сөк-жарма едім,
Келуге алты тазға арманда едім.
Түйеңді шөптен өлген менен көріп,
Алтауы таз болғанда мен бар ма едім, − дегенде, атасы тұрып былай деп қолқалаған екен:

− Басы еді өлеңімнің алса келін,
Қисаймас кімнің аузы өлсе, келін.
Басымның келмей жатып тазын айтып,
Жазып ал қолыңыздан келсе, келін.

Сонда келіні:

− Астыма мінген атым шұбалаң көр,
Жақсыны, жамандықты көзіңмен көр.
Жазам деп алты тазды айта алмаймын,
Тазымды сыбағалы өзіме бер, - деп, атасын сөзден жеңіп кеткен екен.

Н. Үсенова