Елбасының домбыра шерткен сәттері

Елбасының домбыра шерткен сәттері
Фото: abai.kz

ҚР Президентінің телерадио кешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолына домбыра алған сәттерінен жинақталған видеоны жариялады.

Бейнеролик телерадио кешеннің instagram желісіндегі парақшасында көпшілікке ұсынылды. "Президент қолына қанша рет домбыра алды? Санап жіберейік" деген атпен сауал да тасталған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Елбасы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Сондай-ақ 2 мыңнан астам домбырашының өнерін тамашалады.

О. Сансызбай