Елбасы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Фото: tengrinews.kz

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ елі алаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

- Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Домбыра – қазақтың бренді мен паспорты, қайталанбас келбеті. Менің Жарлығыммен жыл сайын осы айдың бірінші жексенбісі домбыра күні болып аталып өтілмек. Сол Жарлыққа байланысты бүгін тек қана Астанада емес, Қазақстанның барлық аумағында, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандарда, ауылдарда да дәл осылай мерекелер өтуде. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзат тарихындағы асыл мұралар тізіміне енген. Қасиетті домбыраға деген құрмет бір сәт төмендеген емес. Бірнеше жыл бұрын Астанада күй атасы Құрманғазыға ескерткіш орнатылды. Алматыда Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш қойылды, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы 2 мыңнан астам домбырашының өнерін тамашалады. Домбырашылар "Көңіл ашар", "Адай", "Балбырауын", "Ерке сылқым", "Сарыарқа" күйлерін орындады. 

Н. Үсенова