Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Салт-дәстүр / Лев Толстойды ауруынан айықтырған сусын

Лев Толстойды ауруынан айықтырған сусын

Лев Толстойды ауруынан айықтырған сусын

Алты жастағы жүгірмегін ат жалында ойқастататын қазақ халқы үшін жылқы малы қай заманда болса да қадірлі, қасиетті болды. Адамның жылқыны қолға үйреткен кезеңінен бастап бұл жануар адамға – сенімді серік, жылдам көлік, құнарлы азық. Тіпті жылқы жайлы талайға танымал болған әңгімелер мен қиссаларды шығарған да осы жануардың бағасын білген - біздің халық. Қазақтың қандай хас батырларын жатқа білсеңіз, олардың астындағы атын да жақсы білесіз. Арғымақсыз жаяу батырдың суреттелгенін жыр-дастандардан көрмедіңіз.

Жылқыны сауып, сүтін ішсең, шипалы сусын, етін жесең, тойымды азық. Сүтті қымызға айналдырудың өзіндік технологиясы байырғы заманда қалыптасты. Қазақтың түп-тамыры сақтардың жылқыны сауып, оның сүтін үлкен сабаға құйып, тілді үйіретін дәмі бар сусын дайындайтынын біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Геродот өз естеліктерінде қалдырған. Сонымен қатар, Ботай заманындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, табылған қыш құмаралардың ішінде бие сүтінің қалдықтары сақталған. 2009 жылы осындай зерттеу нәтижелеріне қол жеткізген ағылшын ғалымдары өздері тапқан бие сүтінің қазіргі уақытта сол қалпында Орта Азияда өндірілетін біліп таң-тамаша күй кешіпті.

Көшпенділердің осы бір шипалы сусыны еуропалықтар мен орыстарды ХХ ғасырдың ортасында қызықтыра бастады. Қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін білген олар бірден қымызбен емдеу орталықтарын аша бастайды. Осындай орталықты 1858 жылы Самара аумағында Нестор Постников деген дәрігер ең бірінші болып ашты. Оның қабылдауында бір мезетте 100 адам қабылданды.

Башқұртстандағы осындай бір қымызбен емдеу орталығына орыстың белгілі жазушысы Лев Толстой да барған. Көкірек ауруына (өкпе туберкулезі) шалдыққан оқымысты қымызды тоқтатпай ішті. Бірнеше аптадан кейін денсаулығы қалыпқа келіп, өзін сергек сезінген Толстой қымыздың шипалы сусын екенін түпкілікті мойындады. Одан кейінгі еңбектерінде де қымыз жайлы әңгіме өрбітіп, осы тақырыпта естеліктерін жазды. Тіпті, ол кісі жұбайымен келіспей қалған кезде қымыз алдырып, апталап жүйкесін тыныштандыру үшін сусынды тоқтатпай ішкен екен.

Жылқының желіні әр 2 сағат сайын сүтке толып отырады. Сонымен қатар, жануар ауыр жұмысқа жегілген сайын сүтті көп береді екен. Мұғалжар жылқыларынан тәуліктік есеппен 20 литр саумал алуға болады.

Қазақ халқы байлықты жылқы санымен есептегенін жақсы білесіз. Жиындарда, ауқаттылар бас қосқанда өздерімен бірге қымыз тасып та жүрген екен. Тіпті, кейбір даңққұмар байлар сабаның піспегін алтынмен, күміспен әрлеп, бірнеше литр сиятын қымыз бөшкелерін жасататын болған. Ол уақытта қымыздың көп ішілетіні белгілі. Орташа есеппен, ертеректегі қазақтар тәулігіне 15 литр қымыз ішкен. Тіпті, Сырым батырдың асында бес мың шелек қымыз ішілді деген де мағлұматтар кездесіп жүр.

Массагет мақалаларын Телеграм желісіндегі порталымыздың арнасынан оқи аласыз. Ең қызықты мақалалар қатарын Телеграмнан оқыңыз.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: Baq.kz
Қосылған күні: 24 қаңтар 2018, 08:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.