Қымыз бетті әрлендіреді

Қымыз бетті әрлендіреді
Фото: massaget.kz

Қазақтың ұлттық сусыны– қымыздың денсаулыққа пайдасын айтпағанда, тері күтіміне де жағымды әсері көп. Сол себепті бүгінде ол косметика саласында кеңінен қолданыла бастады. Адам ағзасын, терісін жасартатындықтан, қымыздан шашқа арнайы маскалар жасалады. Ал Германияда қымыздан түрлі әтірлер мен сабындар жасау өндірісі дамып келе жатыр. 

Бет терісін ағартып, әжімдерді азайтатын масканы әркім үй жағдайында оп-оңай жасай алады. Оның негізінде қымыз болады. Масканы жасау үшін 200 мл қымыз, желкеннің үш-төрт сабағы және жарты қияр қажет. Жасыл желкен мен қиярды блендерден өткізіп, қымызбен араластырамыз. Мұндағы жасыл желкен бетті әрлендіріп, клеткалардың балғын қалпын сақтайды. Ал қияр бетті ылғалдандырады. Маска таңертең және кешке жасалады. 20 минут ұстап, артынан жылы сумен жуу керек. Үш күн сайын жасаған жағдайда масканың нәтижесі де айтарлықтай болады.

Қымыздың құрамында 28 микроэлемент бар. Бұл сусын әсіресе В, С дәрумендеріне бай. Ал аталмыш дәрумендер бет терісінің жасушаларын байытып, қартаюдың алдын алады. 

Дереккөз: zhasalash.kz

Ө. Сансызбай