Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме

Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме
Фото: vk.com

Бала – өмірдің жалғасы. Бала – елдің ертеңі. Бала – отбасының тірегі. Осылай айта берсек, бұл тізімді ары қарай жалғастырып кете беруге болады. Ия, расында да бала тәрбиесі – ең өзекті мәселе. Данышпан халқымыз бала тәрбиесіне ол дүниеге келмей жатып, ертерек дайындалған. Балаларға қатысты қандай ырымдарды білесіз бе? Білмесеңіз, оқи отырыңыз.

1. Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

2. Қалы үлкейiп кетпесiн деп, қалымен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деп ат қояды.

3. Аты сүрiншек болады деп балаға төстiң сүрiншегiн жегiзбейдi.

4. Балаға асық етiн мүжiтпейдi. "Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме" деген бар.

5. Бөбек мезгiлiнде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.

6. Сәби шалқасынан жатып башпайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.

7. Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, была жылауық, өскенде өсекшi болады.

8. Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi.

9. "Бойы өспей қалады" деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.

10. Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

Ж. Жұмағұлов