Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанда жасалған / Қатерлі ісікті жеңген балалар Қазақстан атынан Мәскеудегі "Жеңімпаздар ойынына" қатысады

Қатерлі ісікті жеңген балалар Қазақстан атынан Мәскеудегі "Жеңімпаздар ойынына" қатысады

Қатерлі ісікті жеңген балалар Қазақстан атынан Мәскеудегі

Қазақстандағы балалар онкологиясы - күрделі мәселе. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 600-ге жуық балаға қорқынышты диагноз қойылады. Емдеу ұзақ уақытты алады - химиотерапияның негізгі курсы екі жылға созылады және тіпті ересек емделушілерге де қиын соғады. Көбіне ауырған кезде бала айналасында отбасы мен медицина қызметкерінен басқа ешкімді көрмейді және оларға қалыпты өмірге, құрдастарына, мектепке және белсенді сабаққа оралу өте қиын болуы мүмкін. Сондықтан қатерлі ісік ауруынан аман қалған балаларға ауруханадан тыс күнделікті өмірге бейімделу балалардың өздеріне де, ата-аналарына да аса қажет.

Осындай ауқымды мақсатпен қызы Владиславаны жеті жыл бұрын қанның онкологиялық ауруынан емдетіп шыққан Елена Дзвоник "Дүниежүзілік жеңімпаздар ойындары байқауына қатысу үшін команда құруға шешім қабылдады. Биыл Ресей, Германия, Үндістан, Белоруссия, Латвия, Венгрия және басқа елдерден 560 бала келетін ойындарға қатысуға Қазақстандағы ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" көмектесуге шешім қабылдады. Көптеген елдерде лотерея операторларына осындай іс-шараларды қолдау дәстүрге айналған.

Жеңімпаздар ойыны – Мәскеуде он жыл бойы өткізіліп келе жатқан, Чулпан Хаматова мен Дина Корзунның "Подари жизнь" көмек қорының жобасы. 3-8 шілдеде балалар тек жүгіру, ату жарыстарына, үстел теннисіне қатысып қана қоймай, сонымен бірге спорт, кино және музыка жұлдыздарымен кездеседі, концерттер мен экскурсияларға қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жеңімпаздар ойынының барлық түрлері дене шынықтыру жағынан дайындығы әр түрлі деңгейдегі қатысушылар үшін қолжетімді, олардың мақсаты – белсенді өмір салты барлық адамдар үшін пайдалы және қолжетімді екенін көрсету.

Былтыр Елена Дзвоник Владаны Ойындарға ешқандай қолдаусыз және жеке қатысуына қол жеткізген. Осылайша, супер-ана 2019 жылы мерейтойлық Ойындарда Қазақстанды таныстыратын өз командасын ұйымдастыру идеясынан шабыт алады. "Бұл ойындар біздің балаларға өмірін ауру айқындамайтынын дәлелдейді, өз қорқыныштарын және сенімсіздіктерін жеңеді. Сонымен қатар, Ойындар балаларға ата-аналарынан "ажыратып алу" үшін өте маңызды, балалар онкологиясын жеңіп шыққан отбасылардағы қамқорлық көрсету өте жиі кездесетін құбылыс, ал кейде бала бірнеше жылдар бойы өмір сүрген вакуумды бұзу керек", - дейді Елена Дзвоник.

Елена тап болған алғашқы қиындық – жеңімпаздар ойындарына қатысуды қажет ететін балаларды табу. Қазақстанда онкологиямен ауырған адамдардың бірыңғай тізімі жоқ, сондықтан командадағы 20 ықтимал орынның тек 17-і ғана иеленген. Болашақта Елена Ойындарды қатерлі ісік ауруын жеңген балалардың өміріндегі міндетті қуанышты оқиға жасамақ. "Ойындар туралы естелік жылдар бойы балалардың есінде қалады. Олар жаңа достар табады, өз-өздерін жоғары бағалай бастап, оқшаулану сезімі жоғалады. Әрине, сапарға көп ақша қажет. Мен бірнеше рет үкіметтік ұйымдар мен қорларға өтініш білдірдім, бірақ тек "Сәтті Жұлдыздың" басшысы Александр Тенмен байланыса алғанда ғана жолым болды. Ол біздің жобамызға қызығушылық танытып, бізге көмектесті. "Сәтті Жұлдыз", "Lotomatic" және "LotoClubтың" арқасында біз Жеңімпаздар ойынына ұшып барамыз, сол үшін біздің алғысымыз шексіз", - дейді Елена.

Қатерлі ісік ауруын жеңген балаларға қолдау көрсету үшін Нұр-Сұлтанда Бірінші республикалық жеңімпаздар ойыны өтті. Алты спорт түрі бойынша спорттық сайыстар "Алау" мұз сарайында өткізіліп, 106 бүлдіршінді жинады.

Серіктес материалы

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 21 маусым, 15:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.