Қазақстандықтар 1 жылдың ішінде лотереядан 2 миллиард теңге ұтып алды

Қазақстандықтар 1 жылдың ішінде лотереядан 2 миллиард теңге ұтып алды
Фото: Сәтті жұлдыз

Тираждық және лездік лотереялар іске қосылғалы қазақстандықтар 2 миллиард теңге ұтып алды деп хабарлайды "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотерея операторы. Ал 28 қазақстандық лотерея миллионерлері атанды.

"Лотерея ойындарын біз 2018 жылдың наурыз айында іске қостық. Осы уақыт аралығында біз 2 миллиард теңгеге ұтыстарды төледік. Осы кезеңдегі ең ірі ұтыс 26 миллион теңгені құрады, оның иесі елордамыздың 72 жасар тұрғыны атанды. Бұл тек бастамасы ғана деп айта аламын.Біз ұлтттық лотерея операторы ретінде алдымызға еліміздегі миллионерлер санын көбейту мақсатын қойып отырмыз", – деп бөлісті "Сәтті Жұлдыз" АҚ президенті Александр Тен.

Айта кететін жайт, "Сәтті Жұлдыз" лотереяларының жүлде қоры 52%-дан асады. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға 4 тираждық және 4 лездік лотерея ұсынылады.

"Keno" –күн сайын10 миллион теңге ұтуға болады;

"777" - 50 000 теңге ұтып алуға болатын өзге ойындардың арасында ең жеңіл ойын;

"Loto 6/49" –әр сәрсенбі сайын20 миллион теңгеден басталатын Супержүлде ойнатылады;

"TeleBingo" – апта сайын миллионер анықталады.

Сонымен қатар "Жомарт 3", "777", "3 Алмаз" және "Алтын" секілді лездік лотереялардан бақ сынап көруге болады. Олардан сәйкесінше1 000 000 теңгеден5 000 000 теңгеге дейін ұтып алуға болады.

Серіктес мақаласы

А. Рысдәулет