Лотереядан 26 миллион теңге ұтып алған зейнеткер өзінің оқиғасымен бөлісті

Лотереядан 26 миллион теңге ұтып алған зейнеткер өзінің оқиғасымен бөлісті

27 наурызда Ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыздың" "Loto6/49" тираждық лотереясының ойнатылымы өтті. Жеңімпаз болып Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәке (есімі жеңімпаздың қалауы бойынша өзгертілген – автор ескертпесі) атанды. Ол 26 726 955 теңге ұтып алды.

Жеңімпаздың ұтысқа деген жолы айтарлықтай ұзақ болған – ол лотереяны 1976 жылдан бері ойнап келеді. Ұтыс әкелген "ЛОТО 49-дан 6" лотереясында ол 24 саннан тұратын жүйені 143 комбинация көлемінде ойнаған, бұл үшін билеттерге 28 мың теңгедей жұмсап, есесіне 26 миллион теңге ұтып алды!

"Сәтті Жұлдыз" лотереясы жеңімпазының айтуы бойынша, нақты ұтыс формуласы жоқ және болуы мүмкін емес. Дегенмен табысқа жету үшін, ол тек сәттілікке ғана сенім артпай, іске энциклопедиялық жағынан да кіріскен. "Өткен жылы мен "Loto 6/49" лотереясынан 24 миллионан астам теңге ұтқан қарағандылық туралы естідім. Байқап, зерттей бастадым. Шығарылымдарды қарап, өзіме қайталанатын сандарды жазып алдым. Мысалы, 53 тираж бойы 41 және 11 сандары тек 2 рет қана түскен, ал 18 саны 20 реттен астам түсіпті. Сол себепті мен өзіме ең ықтимал сандарды шығарып отырдым. Әрине бұның бәрі кездейсоқтық та болуы мүмкін, бірақ, не болса да, мен бес саннан тұратын комбинацияны дұрыс таба алдым", - деп бөлісті Сәке.

Жеңімпаздың отбасы ұтқан ақшаны қалай жұмсайтынын ойлап қойған – балаларға кредиттерімен көмектесу, ал кіші немере қызы жуырда тұрмысқа шығып, пәтер жалдап тұрып жатқандықтан оларға кішігірім пәтер алып беретін болып шешкен. "Сосын жұбайым екеумізге қалады – мұқтаждықтарға, емделуге, жалпы зейнетімізге қосымша болар. Әрине, мен ойнауды жалғастырамын. Қазірдің өзінде кезекті тиражға қатысудамын. Мен іштей ерте ме, кеш пе әйтеуір ұтатыныма сенетінмін. Сол себепті, ойнаңыздар және ұтыңыздар! Келесі жолы дәл сіздің жолыңыз болуы мүмкін. "Сәтті Жұлдыздың" ұраны "арманыңа мүмкіндік бер"болуы босқа емес" – деп бөлісті жеңімпаз.

"Біздің компаниямыз 3 жасқа толды. Өткен жылы қазақстандықтар 1,4 миллиардтан астам теңге ұтқан, және осы күнге бұл ең ірі ұтыс. Жақын арада бізде одан да ірі сомалардың ойнатылымы жоспарланған", - дейді "Сәтті Жұлдыз" АҚ компаниясының Нұр-Сұлтандағы өкілі Евгения Уразалинова.

Қазақстандағы "LOTO 6/49" / "ЛОТО 49-дан 6" тираждық лотереясы. Бастапқы супержүлде– 20 000 000 теңге. Ұтыс тігу құны- 200 теңге. Тираждар әр сәрсенбі сайын өтеді.

Серіктес мақаласы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды