Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан жазылды

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан жазылды
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан жазылды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады. 

"Жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусқа жасатқан тесті теріс нәтиже берді. Дәрігерлердің нұсқауымен Нұрсұлтан Назарбаев өзін өзі оқшаулау режимін сақтайды, қашықтан жұмыс істейді және таза ауада серуендеуге уақыт бөледі", – деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, 18 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

 

Massaget