Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды.

"Қазір Н.Назарбаев оқшауланып жатыр. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Н.Назарбаевтың қашықтан жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Бұған дейін коронавирус инфекциясы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннен, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден анықталғаны хабарланған еді. 

Қазір Үкімет мүшелері өзін өзі оқшаулауға кірісті. Парламент қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтіледі.

 
Massaget