Жазушы-журналист Сағымбай Қозыбаев – 75 жаста

Жазушы-журналист Сағымбай Қозыбаев – 75 жаста
Фото: massaget.kz

1 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-журналист Қозыбаев Сағымбай Қабашұлының 75 жасқа толған мерейтойына орай «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, журналистер қатысты. Жиын басында Сағымбай Қозыбаев жайлы «Журналистика мэтрі» фильмі таныстырылды. Бұдан кейін мерейтой иесімен қызметтес болған замандастар, шәкірттер сөз алып құттықтауларын айтты.

ҚР Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты. Достыққа ұласқан таныстық қашан, қалай басталғанын айтып өтті. 

«Сағымбай Қозыбаев екеуміздің дос болғанымызға 30 жылдан асты. Бізді жақындастырған Олжас Сүлейменов құрған Семей-Невада қозғалысы. Полигонның жабылуына азғантай болса да үлесімізді қостық деп есептеймін. Міні осы кезеңнен бері аға-іні ретінде тығыз байланыстамыз. Бұл кісі меннен 10 жас үлкен. Бір жағынан, ұстазым деп айтуға болады», - деді Ұлықбек Есдәулет.

Конференцияның басқа да қатысушылары сөз алып, мерейтой иесін құттықтады. Ескі күндерден естеліктер айтып, өткенді еске түсірді.

Сағымбай Қозыбаев 1944 жылдың 16 шілдесінде Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Ол – көрнекті қазақстандық публицист, әлемдік журналистика тарихы мен ұлттық БАҚ-ты алғаш зерттеген жандардың бірі. Сағымбай Қабашұлы 1970 жылы мемлекеттік Ленинград университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Қазақстан мемлекеттік телерадиосы Бас редакторының орынбасары, Қазақстандағы Бүкілодақтық радионың меншікті тілшісі ретінде қызмет атқарған.

1974 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – аға оқытушы, доцент (1979), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры (1989). 1985-1993 жылдар аралығында ҚазҰУ-дағы Журналистика факультетінің деканы қызметін атқарды. Германияда (1987), АҚШ-та (1993), Сингапур (2008) сияқты елдерде тақырыптық дәрістер оқыды. 1993 жылы АҚШ-тың 9 штатында шақырылған профессор ретінде өз білімін сынға салды. Бірқатар университеттердің құрметті профессоры, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрметті меңгерушісі, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының құрметті азаматы.

А. Қажиев