Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Жарылыстардан кейінгі түн. Арыстан эвакуацияланған халық жағдайы

Жарылыстардан кейінгі түн. Арыстан эвакуацияланған халық жағдайы

Жарылыстардан кейінгі түн. Арыстан эвакуацияланған халық жағдайы

Massaget.kz және Tengrinews.kz журналистері Ернар Алмабек пен Шоқан Алхабаев 24 маусым күні жарылыс болған Арыс қаласы мен эвакуация орындарына барып, арнайы репортаж дайындады.

Шымкентте не болып жатыр?

Сағат түнгі 3 шамасында Шымкентке жеттік. "Бекжан" базарының жанындағы мешітте үлкен штаб бар. Арыстан эвакуацияланғандар сонда. Түнде мешітте 200-ге жуық адам түнеді.

Шымкенттің барлық дерлік мектебінде эвакуация пункттері ашылған. Біз олардың үшеуінде болдық. Әрқайсында 100-ге жуық адам бар.

Төтенше жағдайға байланысты қаланы тастап кетуге мәжбүр болғандарға алғашқы гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.

Жедел жәрдем эвакуацияланған тұрғындардың денсаулығын тексеріп жүр. 

Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны. Қалада болған оқиғаларға байланысты "Қауырт желісі" жұмыс істеп тұр.

Тәулік бойы қажетті ақпаратты Шымкент қалалық ТЖ департаментінен 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66 нөмірлері бойынша алуға болады; Түркістан облысының ТЖД: 8 (7253) 35-83-02; ІІМ ТЖ Комитеті: 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Massaget
Фото: Yernar Almabek/Massaget.kz
Қосылған күні: 25 маусым, 16:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.