Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады

Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барып, қала толығымен эвакуацияланатынын мәлімдеді. 

"9.20-да хабарлама келді. Төтенше жағдай жарияланды. Барлық аудан жұмылдырылған. Жақын жердегі елді мекендер. Қазір болып жатқан жайттар бойынша біз қаланы толығымен көшіруіміз керек екенін көріп отырмыз. Барлық бағыт бойынша колонналар қозғалады, адамдарды іріктейді, ұйымдастырылған лагерьлерге апарады. Барлық аудан әкімдері өз командаларымен лагерьлер құрып, келгендердің тізімін жасап, қонақүйге кімнің туысқандары бойынша кім екенін анықтап алуы тиіс. Әрбір лагерьді аудан әкімі басқарады", - деді Шүкеев. 

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды
1.Ақдала бұрылысы
2. 41 разъезд
3. Водозобор бағытындағы лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде. Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін хабарланды.

Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкентке кірер үш жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды", – делінген хабарламада.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар