Ұлттық Дельфий комитеті талантты жастарды шақырады

Ұлттық Дельфий комитеті талантты жастарды шақырады

Ұлттық Дельфий комитеті Жастар жылы аясында мәдени жоба өткізбек. Ұйымдастырушылар фестивальді екі кезеңде өткізуді жоспарлап отыр: бірінші іріктеу туры – елдің барлық облыстарынан келген талантты жастардың онлайн-өтінімдерін 2019 жылдың 20 маусымына дейін қабылдау, екіншісі – фестивальдің финалы 2019 жылдың тамыз айында Елордада өтеді. 

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар шақырылады. Жоба аясында қазылар алқасы қатарынан еліміздің мәдениет қайраткерлерімен шеберлік сыныптар өткізу және байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастарды жобаға қатысуға шақырады. Фестиваль бағдарламасында келесі номинациялар ұсынылды: 

1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би); 
2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық); 
3. Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда); 
4. Бейнелеу өнері (жеке); 
5. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке); 
6. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.); 
7. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т. б.); 
8. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар); 
9. Киім дизайны; 
10. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі). 

Конкурстық комиссия ұсынылған әр номинациялар бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін анықтайды. Фестиваль ережесімен және жоба бойынша қосымша материалдармен сілтемеге өтіп таныса аласыздар.

А. Қажиев