Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Заманауи жастардың ерекшелігі қандай?

Заманауи жастардың ерекшелігі қандай?

Заманауи жастардың ерекшелігі қандай?

21 ғасырдың жастары жаңашылдыққа бейім екендігі мәлім. Күннен-күнге жетіліп, өздерін жаңа қырларынан көрсетіп дамып келеді. Ал жаңашылдықты ұнататын бұл жастар неге құмар? Не істегенді жақсы көреді? Біз қазіргі жастардың ерекше тұстарын атап өтетін боламыз.

Естеріңізде болса, бұрын біз мектеп кезімізде бір-бірімізге хат жіберіп, жазбалар тарататын едік. Оның сыныптасымызға лақтырып та ойнайтынбыз. Ол хатты басқа бір оқушы оқып қойса, сынып іші тіптен көңілденіп кететін. Мектеп осындай естеліктерімен қызықты болды. Ал қазіргі оқушылар жазбалардың орнын Whatstap және Snapchat желілерімен алмастырған.

Гаджеттер әрқашанда бірініші

Көптеген мектептерде смартфондар мен планшеттерді пайдалану мүмкін емес. Әрине, кей оқушылар бұл пікірмен келіспей, үзілісте телефоннан көз алмайды. Тіпті, смартфондардың құпияларын үлкендерден де артық біледі. Мүмкін 21 ғасырдың балалары осындай техниканы терең меңгеруі қажет болар. Заманға қарай талабы деген осы.

Жастар корей стилінде киінеді

Қазіргінің жастары сәнді киім киіп жүруге құмар. Әсіресе, елімізде 91 тобы танылғаннан бері корейлік стильде киінетін жастардың қатары көп. Өйткені, олар корей сериалдардағы стильдердің Қазақстанда жоқ екендігіне наразы. Сонымен қоса, тату жасатуда заманнан кеш қалған жоқ.

Бәрі Биберді тыңдамайды

Голливудтың жұлдыз Джастин Бибердің әндерін құлақ алмай тыңдайтын жастар қазіргі таңда оның орнын басқа әншілермен алмастырды. Мәселен, Скриптон, t-fest, miyagi & endshpiel, Mot, Jah khalib секілді танымал жұлдыздардың әуендерін тыңдауға құмар екендіктері жасырын емес.

Бритни Спирс қартайды

90 жылдарда Бритни Спирсті танымайтын жас болмайтын. Оның суретін анкеталарға жабыстырып, әндерін үзбей тыңдайтынбыз. Қазіргі жастар үшін Бритни Спирс София Ротару секілді ескі заманның әншісі болып қалған.

 Құлаққапқа тәуелді жастар

Сіз көшеде құлағына құлаққап киіп алған жасөспірімдерді көп кездестіретініңіз анық. Әрине, олар теледидар қарағаннан гөрі музыканы көбірек тыңдайды. Жоғарыдағы атап өткен әншілердің біразын сізге тізіп айтып беруі де мүмкін. Кейбірі құлаққапсыз жүре алмайды. Егер құлаққапты байқаусызда ұмытып кетсе, болмашы нәрсе үшін күні бойы көңілсіз жүруге дейін барады.

Инстаграмсыз өмір жоқ

Әлеуметтік желілердің ішінде алғаш боп танылған mail.ru желісін қазір ешбір жастың қолданбайтыны белгілі. Тіпті, вконтакте желісі де заманнан қалып бара жатыр. Ал бұл желілердің орнын инстаграм әлдеқашан жаулап алған. Жаңалықтарымен бөлісу - жастардың күнделікті тірлігі.

Селфи қазір сәнде емес

Инстаграмды жағалаған селфи қазір сәнде емес. Оның орнына кәсіби суреттер әдемі әрі айқын көрінеді. Сондықтан, жастар осындай суретке түскенді ұнатады.

Олар белсенді әрі жұмыс талғамайды

15 жасар жасөспірімді алып қарасаңыз, тырбанып жұмыс істеп жүргенін көресіз. Сондай-ақ, олар әрқашан да белсенді. Қаламызда өтетін концерттерді қалт жібермей, бәрінде бірдей белсенділік танытады. Бұрынғы жастармен салыстырғанда, ізденімпаз, жаңашылдыққа құмар.

Спиннер немесе лизум

Соңғы уақытта танымал болған спиннер мен лизум адам миын демалдырады деген ақпараттар жиі тарап кетті. Жастар да оны құр жібермей, бұл ойыншық түрлерін әлдеқашан сатып алған. Тіпті, бұл ойыншық қолдарынан түспейді. Бәлкім кей жастар осы ойыншықтарды сәндік үшін де пайдаланады.

 
Дереккөз: zhasatyrau.kz
1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: zhasatyrau.kz/
Қосылған күні: 02 қыркүйек 2017, 17:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.