Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді

Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді
Фото: egemen.kz

Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сенат спикері Дариға Назарбаева палатаның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде ант беру кезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралыс ұсыныс тастаған болатын.  Сенаторлар дауыс беріп, бұл бастаманы қолдады.

- Құрметті әріптестер, біз бүгін тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдадық. Бұл Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына және қазақстандық қоғамның бірігуіне зор үлес қосқаны үшін әділ баға және құрмет болып табылады. Барлығына үлкен рақмет. Енді ол Сенатқа келіп тұрады деп ойлаймыз " - деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, 29 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болған. Ұсынысты Ресей президенті Владимир Путин көтеріп, ЕАЭО елдерінің көшбасшылары оны қолдаған еді.

Н. Үсенова