Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Президент сайлауында қалай дауыс беруге болады?

Президент сайлауында қалай дауыс беруге болады?

Президент сайлауында қалай дауыс беруге болады?

Қазақстан президентін сайлау 9 маусымда өтеді. 9 сәуір күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген болатын. Осыған орай президент сайлауына үміткерлер өз кандидатурасын ұсына бастады.

Заң бойынша, президенттікке үміткерді сайлаушылардың кемінде бір пайызы қолдауы тиіс, яғни, әрбір кандидаттың 118 140 қол жинауы керек болады. Олардың қол жинауға 11 мамырға дейін уақыты бар. Кандидаттарды тіркеу мамырдың 11-і кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Өз кезегінде біз сайлауға қатысты бірнеше ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз.

• Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан әрбір азаматы дауыс беруге құқылы. Сайлау учаскесіне өзіңізбен бірге жеке куәлік немесе төлқұжатыңызды алып баруыңыз қажет.

• Сіз тек тұрғылықты тіркелген орныңызға барып дауыс бере аласыз. Егер сіз ауылда не басқа жерде тіркеліп, басқа қалада жұмыс істейтін немесе іссапарда жүрген болсаңыз тіркеу орнынан тыс жерде дауыс берудің екі жолы бар:

• Бірінші, Бір айдан кем емес, яғни 9-мамырға дейін, сайлау күні болатын сайлау учаскесі әкімшілігіне өтініш беріп, сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енуіңіз қажет. Осыдан кейін әкімдік сізді сайлаушылар тізіміне қосады.

• Екінші, дауыс беру күнінен 20 күн бұрын сайлау учаскесіне бармай, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді толтыруыңыз қажет. Сырттай дауыс беру бюллетеньдерді қабылдау 8 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 00-де тоқтатылады.

• Егер бір қаладағы сайлау учаскесіне тіркелген болып, оны басқа қалаға өзгерткіңіз келсе, 9 мамырдан кешіктірмей жергілікті әкімдікке жүгінуіңіз қажет.

• Егер сіз барған сайлау учаскесінде дауыс берушілердің тізімінде сіздің аты-жөніңіз жоқ болса, сайлау комиссиясының мүшелеріне осы сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді айтып, мекен-жайыңызды растайтын анықтаманы көрсетіңіз.

• Егер сіз денсаулығыңызға байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын болсаңыз, 9 маусым жергілікті уақыт бойынша 12:00-ден кешіктірмей тіркеу орнындағы сайлау учаскесіне өтініш жазу керек. Осыдан кейін сайлау комиссиясының мүшелері сайлау бюллетенімен сізге келеді.

• Егер сіз жұмыс бабымен немесе белгілі бір себептермен шетелдерде жүрген болсаңыз, сол елдегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруіңізге болады. Мекенжайларды мына сілтемеден таба аласыз.

9 маусымда сайлау учаскелері үзіліссіз сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

0
Рейтинг: +2

Фото: arasha.kz
Қосылған күні: 06 мамыр, 12:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.