Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына ұсынды

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына ұсынды
Фото: ©REUTERS

Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ сьезі өтуде. Сьезд кезінде партия атынан сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаев түсетіні белгілі болды.

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

- Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары. Партия басшысы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол Сенат төрағасы болып қызмет жасағанда парламенттік жұмыстардың дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар аралығында ол менің сенімді қызметтесім болды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сьездге Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысуда. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Саяси кеңесінің отырысын өткізуде.

Ө. Сансызбай