Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады

Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады
Фото: muftyat.kz

Қырғыз елінің астанасы Бішкекте Орталық Азия елдерінің мүфтилері бас қосып, ортақ меморандум қабылдады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.

Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (ораза, құрбан айт) бір күнге белгілеу, ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, т.б. бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген. 

Мүфтилер осы бағыттар бойынша өзара ықпалдасып қызмет етуге уағдаласты.

Ө. Сансызбай