Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / 100 имамға "Қажылық қоры" есебінен жалақы беріледі

100 имамға "Қажылық қоры" есебінен жалақы беріледі

100 имамға

Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтті. Бұл алқалы отырыста дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлының шешімімен мүфтият жанындағы "Қазақстан қажылық қоры" есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы берілетін болды.

- Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша 100 ауыл имамына "Қазақстан қажылық қоры" есебінен 50 мың теңге айлық беріледі. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз, – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, бұған қоса "Уақып" қайырымдылық қоры 300-ден астам дін қызметкеріне орта есеппен 50 мың теңге қаржылай қолдау көрсетіп келеді.

Еліміз бойынша 2605 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2018, 16:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.