Қазақстанда алғашқы қоңырау қашан соғылатыны белгілі болды

Қазақстанда алғашқы қоңырау қашан соғылатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 2018-2019 оқу жылы сенбі күні 1 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы мәлімдеді.

Аталған мекеменің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша биылғы оқу жылы басталатын күн басқа күнге ауыстырылмайды.

Нөлінші және мектепалды сыныптарында оқу жылының ұзақтығы – 32 апта, ал бірінші сыныптарға – 33 апта. Екінші сыныптан 11-сыныпқа (он екінші) дейін білім алатын оқушылар 2018-2019 оқу жылында 34 апта оқитын болады.

Биыл балаларға берілетін демалыстар күзде 7 күнге (2018 жылдың 29 қазанынан 4 қарашасына дейін), қыста 10 күнге (2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 9 қаңтарына дейін), көктемде 13 күнге (2019 жылдың 21 наурызынан 2 сәуіріне дейін) созылады.

Мектепалды және бірінші сынып оқушылары қосымша 2019 жылдың 4-10 ақпаны аралығында демалатын болады.

baq.kz

А. Жапатова