Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады

Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады

Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады

Қазақстан Президенті жағажай, бассейнді аквапаркі және қонақ үй кешені бар демалыс орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қолжетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

«Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналады», - деді Мемлекет басшысы.

Бір маусымда 140 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі бар демалыс аймағы 5,7 гектарды қамтиды және Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі - 485,2 миллион теңге.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: akorda.kz
Қосылған күні: 11 тамыз 2018, 16:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.