Алдағы күндері аяз күшейеді

Алдағы күндері аяз күшейеді
Фото: Макспарк

Қазгидромет РМК алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қара теңіз арқылы қалыптасқан үлкен және өте суық антициклон Қазақстанның оңтүстік-шығыс бағытына көшуді жалғастыруда. Бұл антициклоннан туындаған арктикалық суықтық республиканың солтүстік және шығыс аймақтарының тұрғындарына сезілді.

Келесі 3 тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормаға қарағанда 10-18 градусқа суық болатынын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дауылды ескерту 26 қаңтарға дейін сақталады.

Н. Үсенова