Әдептілік: түрлі тәрбие, түрлі аймақ

Әдептілік: түрлі тәрбие, түрлі аймақ
Фото: TeaPravda.com

Әр елдің салты басқа дейді. Салт қана емес, әртүрлі өңірде өмір сүргеннен кейін тәрбие беруі де, менталитеті де, түсінігі де, тіпті өмірге көзқарасы да әр қилы болады.

Мысалы Қазақстанның Батыс аймағында шайды кесеге аз етіп құйып берсе, «сатып алдың ба, толтырып құйсаңшы» деуі мүмкін. Ал Оңтүстігіне барып осылай толтырып құйып берсеңіз, «басқа сұрамасын дедің бе, азырақ құю керек қой» дейді. Сол секілді бір өңірдегі жақсы тәртіп саналатын әдет басқа жерде әдепсіздік болып көрінуі ықтимал.

Әдептіліктің деңгейі 5 кезеңге бөлінеді:

Адам тәртіп ережесін білмейді, тіпті оны ескеріп жатуға мұршасы болмайды.

Барған жерінің тәртібінен хабары болмайды, оны білуге де талпынбайды.

Барлық тәртіпті біле тұра орындамайды.

Адам барған жерінің тәртібін орындап жүргенін өзі де білмей қалады.

Туған жері мен барған өңірінің тәртібі сәйкес келгендіктен орындап жүреді де, тәртіп бұзғандарды қатаң қадағалайды.

@. @assel_assanova