Астанадағы түтін неше күн сақталады?

Астанадағы түтін неше күн сақталады?
Фото: Informburo.kz

Елорда тұрғындары қала көшелерін басқан қою түтінге шағымдарын айтуда. Желсіз тымық ауа-райына байланысты Астана аспанын көк түтін торлады.

Атап айтқанда, көмірмен жылытылатын жер үйлердің, сондай-ақ ЖЭС түтіні шаһарды өз құрсауына алды. «Қазгидромет» РМК кезекшілік тобының мәліметіне қарағанда, соңғы күндері желсіз тымық болғандықтан қаланы түтін басты. «Жел болмағаннан кейін қаладағы жылу электр стансасының, жекеменшік сектор үйлерде жағылған көмірдің түтіні ешқайда кетпей, қаланың аспанын торлап тұр. Тымық ауа-райы бірнеше күннен бері сақталуда. Сонымен қатар ертең, арғы күні де жел жоқ. Күндізгі температура -10 мен -13-тің аралығында болады. Желдің екпіні күшейсе, осындай қою түтін болмайды»,- дейді «Қазгидрометтің» кезекшілік тобы.

Дереккөз: inform.kz

А. Жапатова