Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Фото: massaget.kz

ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанның басым аймақтарында бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман болып, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі  болжануда. Алматы облысының  Алакөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік