Туристер қай қалаға көбірек барады?

Туристер қай қалаға көбірек барады?
Фото: prasannaholidays.com

Master Card компаниясы туристер арасында ең танымал қаланы анықтады. Мамандар 132 ірі қаланы саралап, бірінші орынды Тайланд астанасы Бангкокке берген екен.

Бангкокке 2016 жылы 19,41 млн турист түнеген. Екінші орынды Лондон еншілесе, үшінші орын Парижге бұйырған. Ал төртінші орынға Дубай тұрақтаған. Сонымен қатар туристер ең көп баратын қалалар қатарында Сингапур, Нью-Йорк, Сеул, Куала-Лумпур, Токио мен Стамбул бар.

Айта кетейік, Бангкок қаласы кешкі уақытта ең көп кептеліс болатын қалалар тізімінде де алғашқылардың бірі боп көш бастап тұр. 

Ж. Жұмағұлов