Алматыда жастарға 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріледі

Алматыда жастарға 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріледі
Фото: 7kun.kz

Алматыда қалалық мәслихаттың депутаттары жастардың баспаналы болуына жеңілдетілген кредит беру үшін бір миллиардқа жуық теңге бөлді. 

Әлеуметтік салаға 1,8 миллиард теңге бөлінді, оның басым бөлігі жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге қарастырылған. 

"Бұл мәселені шешу үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы тұрғын үй сатып алу үшін жастарға жеңілдікпен несие беру механизмін қолдану ұсынылады. Жастарға арналған несие жылына 5 пайыз мөлшерінде болады. Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 303,2 миллион теңге қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге байланысты шығындарды жабу, сондай-ақ 3 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту және онкоорталық салуға бөлу көзделіп отыр", - деп атап өтті іс-шара барысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ілияс Өсеров.

Сонымен қатар, Өсеров биылғы жылы "Балапан" мемлекеттік тапсырысы бойынша 898 орынға балаларды қамтуға 71 миллион теңгеге арттыруды және 3 балабақша мен 3 мектепке инженерлік желілерді салуды бастауға оған 2,6 миллион теңге бөліуді сұрады. Бұдан өзге, 2018 оқу жылы аяқталғаннан кейін 10 миллион теңгеге екі мектепте сейсмикалық күшейту жұмыстары басталады.

Депутаттар қала бюджетіне өзгерістер енгізуді қолдады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік