Әйелдердің зейнет жасы 63-ке дейін ұлғаяды

Әйелдердің зейнет жасы 63-ке дейін ұлғаяды
Фото: Kapital.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) АҚ өкілдері Қазақстан Республикасының азаматтарының зейнетке шығу жасы бойынша жаңа өзгертулер енгізгені жайлы мәлімдеді. Бұл туралы БЖЗҚ ұйымдастырған қаржы журналистика бойынша жазғы мектебінде айтылды.

Базалық зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып өтсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен  басстап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 14 466 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын минимум  пайыздан өсіп отырады.

Айта кетсек, елімізде әйелдер 2018 жылдың шілде айынан зейнетке шығу үшін 58,5 жасқа толуы тиіс. Ал 2019 жылдың шілде айынан шығу үшін 59 жаста болуға міндетті. Әйелдердің зейнет жасы осы үдеріспен жылына 6 айға өсіп отырып, 2027 жылға дейін зейнет жасын 63-ке көтеру жоспарланған.

Ескере кетсек, Қазақстан Республикасы азаматы ретінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем болғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) шамасынан 54 пайыз мөлшері ұсынылады.

Ж. Өрісбай