Астанада үлескерлер орталығы ашылды

Астанада үлескерлер орталығы ашылды
Фото: tengrinews.kz

Орталықтың жұмысы өтініштер мен шағымдарды қабылдауға, өтінімдерді, қылмыстық, əкімшілік және азаматтық істерді (оның ішінде жауаптардың көшірмесін беру) қарау туралы мәлімет беруге, тұрғын үй құрылысында үлескерлік қатысу саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге бағытталған, деп жазады 24.kz Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтей отырып.

"Елордада прокуратураның бастамасымен үлескерлерді қолдау орталығын құру ұсынылуда. Ол Астана қаласы, Сейфуллин көшесінің басындағы ХҚКО ғимаратында орналасады. Енді азаматтар мемлекеттік органдардың əкімшілік ғимараттарында кезек күтіп тұрмайды. Барлығы бір жерде «Бір терезе» қағидасы бойынша болады," – деп хабарлады Facebook əлеуметтік желісінде Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Ринат Əтембеков.

Үлескерлік құрылыс сұрақтары бойынша барлық азаматтарды Астана қаласы əкімдігінің қызметкері қабылдайды.

Ж. Өрісбай