Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / 18 миллионыншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер беріледі

18 миллионыншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер беріледі

18 миллионыншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер беріледі

Алматы облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап, жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты. Педагогтар отбасының екінші перзенті Муслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын атанып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасының атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар, атап айтқанда бесік, төсек, коляска, ойыншықтар секілді қажеттіліктерді сыйға тартқан облыс әкімі А. Баталов:

- Еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынының Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені – бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімінің жылдан жылға ұлғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыздың салиқалы саясатына, Қазақстанның болашағына деген сенімінің зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының атынан, Жетісу жұртшылығының атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдің абыройлы азаматы болсын! – дей келе, қалада күзге таяу пайдалануға берілетін жаңа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.

Муслиманың атасы Еркінбек Бестібаев пен әжесі Бибітай Жасыбаева кішкентай нәрестеге, жас отбасына, жалпы өз әулеттеріне көрсетілген үлкен құрмет пен сый үшін Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

- Муслима – біздің жетінші немереміз. Біз ұл-қыздарымыз бен немерелерімізді елге қызмет ететін, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті азамат етіп тәрбиелеуге бар күш-жұмсаймыз, - деді Бибітай апа.  

Сәбидің анасы Диана Омарханова 1991 жылы туған, қаладағы №16 мектепте дефектолог маман болса, әкесі Бестібаев Самат 1982 жылы туған, №5 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

1
Рейтинг: +2

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 05 шілде 2017, 12:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.