Алдағы үш тәулікте құбылмалы ауа райы күтіледі

Алдағы үш тәулікте құбылмалы ауа райы күтіледі
Фото: wallpaperstock.net

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы күрт құбылады.

"Көктемгі ауа райы құбылмалы болады. Күн шығып тұрса да, көп уақыт өтпей бұлт қаптайды. Қазақстанда алдағы үш тәулікте бұлтты және жауын-шашынды ауа райы жылы және ала бұлтты ауа райына жиі ауысады", - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Айта кетейік, температура климаттық нормадан 2-10 градусқа жоғары болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы