Теңгенің долларға қатысты бағамы 335,68-ке тең

Теңгенің долларға қатысты бағамы 335,68-ке тең
Фото: alau.kz

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 335,68-ке тең болды.

12 сәуірдегі таңғы сессияның алғашқы саудасы 335,90 теңгемен өтті. Сессияда бағаның төменгі көрсеткіші 335,58 теңге болса, жоғарысы 336 теңгеге жетті. Сауда көлемі 132,5 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау орындары долларды 333-336 теңге аралығында сатып жатыр.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 42,68 долларға тең болып, 0,11 пайызға нығайды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін