Ауа райы: Алдағы күндері күн жылы болады

Ауа райы: Алдағы күндері күн жылы болады
Фото: massagetkz

Қазақстанда 2-4 ақпан аралығында ауа райы жылы болады деп күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

"Норвег теңізіндегі терең циклон шығысқа қарай жылжып, Атлантикадан ылғалдың үлкен қоры бар жылы ауа алып келеді. Осы циклонға байланысты жылы атмосфералық фронттар қарлы боран және батыстан соғатын күшті желімен, оңтүстікте және батыста көктайғақ болып, ауа температурасының көтерілуімен, батыс пен оңтүстікте сынап бағанасының нөлден жоғары болуымен Қазақстанның территориясынан өтеді. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 3-7 градусқа дейін жоғары, ал республиканың оңтүстік бөлігінде 8-12 градусқа дейін көтеріледі", − делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болатыны болжанды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін