Астана полицейлері босанғалы жатқан әйелдің өмірін құтқарып қалды

Астана полицейлері босанғалы жатқан әйелдің өмірін құтқарып қалды
Фото: Астана ІІД

Астана полицейлері босанғалы жатқан әйелдің өмірін құтқарып қалды. Астана ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция полкінің инспекторлары әйелдің ауруханаға тез жетуіне көмектескен. "Олардың арқасында әйел ауруханаға дер кезінде жеткізілді", − деп хабарлады елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметі.

Түнгі сағат үштің шамасында полицияның кіші сержанты Бекзат Айдаров пен Асхат Қасымовтан Бөгенбай батыр даңғылының бойында жеңіл автомобильдің жүргізушісі көмек сұраған. Жүргізуші полицейлерге жолда әпкесінің толғағы ұстағанын, ауылдық жерден келген соң жолды білмейтінін айтады.

"Кіші сержант Айдаров пен оның серіктесі болашақ ананы медициналық мекемеге жеткізуге шешім қабылдайды. Бұл үшін арнайы дабыл жүйесін қолданып, автомобильдің жолын ашып беріп отырады",  делінген хабарламада.

Инспекторлар автомобильді №2 перзентханаға жеткізді.

Әйел сәтті босанды. Ол үшінші қызын өмірге әкелген. Вероника есімі берілген қыз салмағы 3,5 келі болып туылды. Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше минут ана мен қыздың өмірін құтқарып қалған.

Перзентханадан шыққан 37 жастағы Александра Карасева мен оның ағасы полицейлерге алғыс білдірді.

Дереккөз: Tengrinews 

С. Ерсін