Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады
Фото: massagetkz

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады. Синоптиктер 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде Каспий теңізі аудандарынан циклон ауысып, ол бұрқасынды қар әкеледі. "Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қазақстанның батысына Ресейдің Еуропа аумағы аудандарынан антициклон әсер етеді. Батыс Қазақстанда түнгі температура 2-7 градус, кей жерлерде 12-17 градус аяз, солтүстікте, шығыста және орталықта 5-15 градус, кей жерлерде 25-30 градус аяз болады", − делінген хабарламада.

Дереккөз:Tengrinews.kz 

С. Ерсін