Доллар 362 теңгеге дейін арзандады

Доллар 362 теңгеге дейін арзандады
Фото: ic24.kz

2016 жылдың 15 қаңтарындағы KASE таңғы сессиясында доллар 362,67 теңгеге тең болды. Шетел валютасының бағамы кешегі көрсеткіштен 1 теңгеге түсті.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 365,25 теңгемен басталды. Сессияда ең төменгі баға 357,9 теңгемен, ал жоғарысы 365,25 теңгемен жасалды. Сауда көлемі 39,75 миллион доллар болды. Сессияға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 358-360 теңге аралығында сатып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін