Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді

Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді
Фото: azh.kz

Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді, − деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі Елтаңба енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков мәлімдеді.

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Елтаңба енгізіледі. Ал ескі үлгідегі Елтаңба 2017 жылдың соңына дейін қолданыла береді. Жаңа Елтаңбаға тоқталсақ, оның өлшемдерін, жаңа нұсқасын дайындау оңайға түскен жоқ. Шамамен 5-6 жыл уақыт кетті. Дегенмен ол жаңа құралдар, технологиялар бойынша жасалды",  деді ол.

Елтаңбаның авторы қазір қолданып жүрген Елтаңбаның еш атауы жоқ екенін тілге тиек етті.

"Қазіргі Елтаңбаның еш атауы жоқ. Оған көз салғанда қай жерінде не тұрғаны белгісіз. Сондықтан 40-тан астам атау бердік. Әр атаудың өзіндік өлшемі, өз орны, сипаттамасы бар",  деді Мәлібеков.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін